
«Ойын арқылы қауіпсіздік: ережелерді білуден – баланың қауіпсіз мінез-құлқына дейін»
Балабақшасында педагогтерге арналған «Ойын арқылы қауіпсіздік: ережелерді білуден – баланың қауіпсіз мінез-құлқына дейін» тақырыбында семинар-практикум өтті. Іс-шараны балабақша әдіскері Фролова Л.В. ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты – ойын және тәжірибеге бағытталған технологиялар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Теориялық бөлімде тәрбиеші Игнатьева С.И. «Мектеп жасына дейінгі баланың қауіпсіздік мәдениеті қалай қалыптасады?» тақырыбында шағын дәріс ұсынып, балалардың саналы әрі қауіпсіз мінез-құлқын тәрбиелеудің негізгі жолдарын таныстырды. Практикалық бөлім «Қауіпсіздік академиясы» форматында қызықты әрі танымды түрде өтті. Педагогтер топтарға бірігіп, «Жас құтқарушылар мектебі», «Ертегі беттеріндегі қауіпсіздік», «Қауіп-қатердің сиқырлы қорабы», «Қатені тап» және «Қауіпсіздік театры» ойын станцияларынан өтті. Қатысушылар түрлі жағдаяттарды талдап, ықтимал қауіптерді анықтап, балаларды қауіпсіздік ережелеріне үйретудің ойын түріндегі әдістерін ұсынды. Тәрбиеші Кульшманова М.К. «Мектеп жасына дейінгі баламен қауіпсіздік туралы қалай сөйлесу керек?» тақырыбында кеңес өткізіп, балаларға қауіпсіз мінез-құлық ережелерін түсінікті әрі тиімді жеткізу бойынша практикалық ұсыныстарымен бөлісті.
Семинар соңында «Идеялар бағдаршамы» атты рефлексия өткізіліп, педагогтерге «Тәрбиешілерге арналған әліппе: мектеп жасына дейінгі балалардың қауіпсіз мінез-құлқын қалай тәрбиелеу керек?» атты жадынамалар таратылды.
Іс-шараның негізгі түйіні: баланы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру ғана жеткіліксіз, ең бастысы – алған білімін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Ал ойын осы үдерісті қызықты, түсінікті әрі нәтижелі етуге көмектеседі.
Семинар педагогтердің тәжірибе алмасуына, кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және мектеп жасына дейінгі балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың шығармашылық жолдарын іздестіруге мүмкіндік берді.
12 октября 2026г в детском саду состоялся семинар-практикум для педагогов на тему «Безопасность через игру: от знания правил — к безопасному поведению ребёнка», организованный методистом Фроловой Л.В.
Цель семинара — повышение профессиональной компетентности педагогов в вопросах формирования культуры безопасного поведения дошкольников посредством игровых и практико-ориентированных технологий. В теоретической части воспитатель Игнатьева С.И. представила мини-лекцию «Как формируется культура безопасности дошкольника?», раскрыв основные подходы к воспитанию осознанного и безопасного поведения детей. Практическая часть прошла в увлекательном формате «Академия безопасности». Педагоги, объединившись в команды, прошли игровые станции «Школа юных спасателей», «Безопасность на страницах сказок», «Волшебная коробка опасностей», «Найди ошибку» и «Театральная академия безопасности». Участники анализировали проблемные ситуации, выявляли потенциальные опасности и предлагали игровые способы обучения детей правилам безопасности. Воспитатель Кульшманова М.К. провела консультацию «Как говорить с дошкольником о безопасности», представив практические рекомендации по доступному и эффективному объяснению детям правил безопасного поведения.
Завершился семинар рефлексией «Светофор идей». Педагоги получили памятки «Азбука для воспитателей: как воспитывать безопасное поведение у дошкольников».
Главный вывод мероприятия: недостаточно просто познакомить ребёнка с правилами безопасности — важно научить его применять полученные знания в повседневной жизни. Именно игра помогает сделать этот процесс интересным, понятным и эффективным.
Семинар стал площадкой для обмена педагогическим опытом, развития профессиональных компетенций и поиска творческих подходов к формированию культуры безопасности дошкольников.







